Семейде терроризм туралы жалған хабар берген екі жасөспірімнің ата-анасы да айыппұл арқалады

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2024 14:10 Сурет: видео скрині
Семейде терроризм туралы жалған хабар берген екі жасөспірімнің ата-анасы да айыппұл арқалады. Оқиға 17 қаңтарда болған. Полиция террористер туралы хабарлама алған соң мекемені қоршауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру кезінде ақпарат расталмады. Кейінірек мектепте террористік акт туралы 13-14 жас аралығындағы екі жасөспірім хабарлағаны белгілі болды.


Арнайы қызметтерді өтірік шақырғаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Екі оқушы есепке алынды, олардың мінез-құлқы енді ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: