Алматы облысында дәнекерлеу цехында өрт шықты

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2024 15:54 Сурет: видео скрині
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Талғар ауданы Белбұлақ ауылында дәнекерлеу цехының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу жіберілді.

Қабылданған шаралардың арқасында лак-бояу өнімдері сақталған қойманың барлық алаңына және жақын орналасқан жеке тұрғын үйге оттың тарауына жол берілмеді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 39 қызметкері мен 13 техникасы, Алматы төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: