Алматыда жеке тұрғын үйден өрт шықты
Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне Жетісу ауданы, Крылов көшесіндегі 11-үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт тұрғын үй мен қосалқы ғимаратты шарпыды, ғимараттар бір-біріне тығыз орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен құралдары Жетісу ауданы, Крылов көшесіндегі, 11-үйдегі өртті сөндіру үшін жұмылды. Жеке тұрғын үй өртеніп, жалын шаруашылық құрылысқа да көшкен.ТЖД Алматы
Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 17:02-де оқшауланды.
Әзірше зардап шеккендер мен жарақат алғандар туралы мәлімет жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript