Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді

жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2024 15:20 Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық сейсмологтар тағы да жер сілкінісін тіркеді. Алматыда 2 балл болып сезілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологтар мұның афтершок екенін түсіндірді.

Жерасты дүмпуі Астана уақытымен 15:03 болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,0.

Магнитудасы MPV – 5,5.

Тереңдігі – 5 км.

MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматыда 2 балл болып сезілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: