Бүркітші Айшолпанның отбасы Қазақстанға көшіп келді
Сурет: Орталық коммуникациялар қызметі
Әлемге әйгілі бүркітші, отандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызының отбасы елге көшіп келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен Қазақстандамын, бір аптадай бұрын ата-анам мен бауырларым көшіп келді. Өзім Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4-курста оқып жатырмын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын", - деді Айшолпан.
Сондай-ақ, отандасымыз бүркіт өнерін тастамағанын айтты, деп жазды kazinform.
"Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. себебі оқудан қол тимейді", - деді бүркітші қыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript