Қостанай облысында жүк көлігі орға түсіп кетті
Сурет: видео скрині
"ҚазАвтоЖол" қызметкерлері М-36 "Ресей шекарасы (Екатеринбург)-Алматы" республикалық маңызы бар автожолының 401-шақырымында Қостанай бағытындағы Қарабалық бұрылысында орға түсіп кеткен жүк көлігін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізушінің сөзінше, Т-тәрізді қиылыста қарсы бағытта келе жатқан көліктің жарығы оның көзіне шағылысқан.
Салдарынан жүк көлігі сырғанап, жол жиегіндегі орға түсіп кеткен.
Көлікті тізгіндеген Қырғызстан азаматы екені анықталды.
Ол дер уақытында өзіне жедел қызмет көрсеткен жолшыларға алғыс айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript