Жаңалықтар тізбегі
0

Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Марат Бекетаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2024 17:33 Сурет: primeminister.kz
Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 29 қаңтарда Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Бекетаев М.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 ақпанға дейін ұзартуға санкция берді", - деп Zakon.kz тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметі растады.

Еске салайық, 2023 жылғы 21 қазанда бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың "лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды" күдікпен ұсталғаны белгілі болды.

Ол "талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарт жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдап, мемлекетке үлкен зиян келтірген". 

2023 жылғы 22 қазанда Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды.

Кейінірек, 2023 жылғы 29 желтоқсанда Марат Бекетаевты қамауға алу мерзімі тағы бір айға – 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартылған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: