Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды
Сурет: gov.kz
Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Астананың мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.
Ол осы жылғы 21 маусымға дейін қамауда болады.
"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдікті Бекетаев М.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын осы жылғы 21 маусымға дейін ұзартылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2023 жылғы 21 қазанда бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың "лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды" күдікпен ұсталғаны белгілі болды.
Ол "талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарт жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдап, мемлекетке үлкен зиян келтірген".
2023 жылғы 22 қазанда Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды.
Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript