Атырауда есірткі саудалаған азамат 10 жылға сотталды

есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2024 19:31 Сурет: pexels
Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері өткен жылдың маусым айында Атырау қаласы аумағында интернет желісі және жасырын тығу әдісі арқылы синтетикалық есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сатумен айналысып жүрген 43 жастағы облыс тұрғынын анықтаған болатын.

Тексеру жұмыстары кезде күдіктіден құны 3,5 млн теңгеге жуық болатын 200 доза Альфа-PVP синтетикалық есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, 43 жастағы күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі толық дәлелденді. Тергеу кезінде күдіктінің Telegram әлеуметтік желісі арқылы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу, сатып алу және сақтаумен айналысатын жұмыс іздеп тапқаны анықталды. Сондай-ақ тергеу барысында күдіктінің синтетикалық есірткіні пайдаланғаны толық дәлелденді.

Қазіргі таңда 43 жастағы азаматқа қатысты Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: