Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда табиғат жанашырлары аң-құсқа азық жеткізіп жатыр

Өзбекстанда табиғат жанашырлары аң-құсқа азық жеткізіп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2024 16:30 Сурет: Zakon.kz
Өзбекстандық экологтар тау- тас пен қорықтарды мекен еткен жабайы жануарларға азық жеткізіп беруді қолға алды. Мұндай игі іс мемлекет қорғауындағы барлық табиғи аумақта жүргізіліп жатыр. Мақсат аң- құсты ашықтырмай қыстан аман алып шығу.

Бұл "Сұрхан" мемлекеттік қорығының инспекторлары. Олар із кесіп, жабайы жануарлар жүреді-ау деген аумақты шолуға кіріскен. 4 мың гектардай жерді алып жатқан қорықтың Вандоб бөлігін шарлап, тауды мекендейтін төрт аяқтыларға азық болсын деп бума бума шөпті мұқият шашып жүр. Сондай ақ құрама жем, бірнеше тонна тұз ала келген.

"Биыл тауда қар молынан жауды, күн суық. Жануарлар азық таба алмай қиналмасын деп осылайша екі үш күнде бір рет жем шөп жеткізіп отырамыз. Бұл аумақта таутеке, жабайы қабан, сілеусін, борсық пен елік тағы да басқа жануарлар мекендейді." Искандер Ишалиев, "Вандоб" қорығының қызметкері

Табиғат жанашырлары кейде жанкешті әрекетке баруға да мәжбүр болады. Қар басқан тау ішінде көлік бара алмайтын орындар өте көп. Ондай кезде бірнешеуі жабылып, темір тұлпарды итеріп, жолға салып отырады. Аң құсқа азық жеткізу ісі Гисар, Замин, Нұрата мен Чатқал секілді ірі мемлекеттік қорықтардан бастап, барлық табиғи аумақта жүргізіліп жатыр.


Соңғы жылдары жауын шашын кем түсіп, бұлақтарда су азайды.Шөптің шығымы дұрыс болмай жабайы жануарлардың өз бетінше азық тауып жеуі қиындай түсті. Біз оларды сақтап қалуымыз керек, Қорықтардағы аң құстың ашығып қалмауын әрдайым назарда ұстаймыз. Жалолоддин Эшалиев, "Сұрхан" мемлекеттік қорығының инспекторы

Экологтар ауа райы жылынып, көк шыққанша осылай жабайы жануарларға азық жеткізуді жалғастыра бермек. Табиғат жанашырларының мақсаты қорықтар мен ұлттық саябақтарды мекен еткен аң құстың басын кемітпей аман алып шығу, олардың ұрпақ өрбітуіне жағдай жасау.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: