Михаил Мишустин Қазақстанға келді

Михаил Мишустин, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2024 17:18 Сурет: Zakon.kz
Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстанға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sputnik Қазақстан агенттігінің хабарлауынша, Ресей үкіметінің басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысып, Digital Almaty 2024 форумының отырысында сөз сөйлейді.

Алматыда Михаил Мишустинді:

  • премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин;
  • ҚР сыртқы істер министрлігі өкілдігінің басшысы Бақытжан Бөлегенов;
  • Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев;
  • Алматы әкімі Ерболат Досаев;
  • Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин күтіп алды.

2024 жылғы 2 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: