Жаңалықтар тізбегі
0

Майқайыңда қаза тапқан құтқарушылардың отбасына материалдық көмек толықтай төленді

Майқайың, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2024 17:52 Сурет: telegram/kerek.pv
Майқайыңда қаза тапқан құтқарушылардың отбасына материалдық көмек толықтай төленді. Қазір қосымша сақтандыру төлемдерін жасау туралы мәселе қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Майқайың кенішінде қаза тапқан құтқарушылардың бірінің қызы уәде етілген материалдық көмектің жартысы ғана төленгенін бейнеге жазып, әлеуметтік желіге салған. Марқұмның қызы онымен байланысқа ешкім шықпай жатқанын жеткізді. 

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл жағдайға түсінік берді. 

"Қаза тапқан құтқарушылардың отбасына 4,5 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде "Майқайың-алтын" АҚ 2 млн теңге төледі, Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық 1 миллион 846 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетті", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Бұған қоса отбасыларға жерлеу рәсімдеріне 369 200 теңге мөлшерінде, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жерлеуге 347 мың теңге мөлшерінде төлем жасалды.

"Бұл төлемдерді денелері табылған екі құтқарушының отбасы алды. Осындай төлемдер жоғалған құтқарушыларды іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін олардың денесі табылған жағдайда немесе қайтыс болды деп танылса, қалған отбасыларға да беріледі", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар отбасыларға асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады (18 жасқа толғанға дейін отбасындағы әрбір кәмелетке толмаған адамға ай сайынғы төлем). 

Жергілікті атқарушы орган кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабынан қосымша сақтандыру төлемдері және "Майқайың-алтын" АҚ-нан ірі материалдық көмек көрсету туралы мәселені пысықтап жатыр. Бұл төлемдер төленген сомадан бірнеше есеге көп. Төлемдердің нақты сомалары іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін хабарланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: