Жаңалықтар тізбегі
0

Майқайыңда қаза тапқан құтқарушының жаназасы шығарылды

Майқайыңда қаза тапқан құтқарушының жаназасы шығарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2024 15:41 Сурет: t.me/AsaiynBaikhan
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 шілдеде құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесі табылып, бүгін Майқайыңда жаназасы шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жаназаға қатысып, марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, облыс әкімі денесі әлі табылмаған автобус жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің отбасына барды.

"Денесі әлі табылмаған автобус жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің отбасымен кездестім. Жақын арада біз оны тауып, туыстарына бере аламыз деген үміттемін", - деп жазды облыс әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Аймақ басшысы іздестіру жалғасатынын жеткізді. Одан кейін Асайын Байханов іздестіру жұмыстарының барысымен танысты. 17 маусымда сканерлеу арқылы автобустың нақты орналасқан жерін анықтау үшін "Алтыналмас" АҚ мамандары тартылды. Зерттеу нәтижелері бойынша пайда болған шұңқырдың ең түбінен 12 метр тереңдікте автобустың болжамды орналасқан жері анықталды. Шұңқырдың түбінде топырақты қайта экскавациялау жалғасуда. Жұмыстар аса сақтықпен және барлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданында "Майқайың-алтын" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті. Автобустың ішінде төрт адам болды: кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды. ТЖД құтқарушылары құмнан қаза тапқан екі адамның денесін тапты. Олар – 24 жастағы Сарқыт Берліқан және 53 жастағы Олег Тышкевич.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: