Шымкентте қызды алып қашқан Маңғыстау облысының тұрғыны қамауға алынды
Сурет: freepik
2024 жылғы 16 қаңтарда Шымкент полициясының кезекші бөліміне М.А. есімді әйел бейтаныс ер адамның қызын үйлену мақсатында ұрлап кеткені туралы шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігінің 1) тармағының негізінде ("Адамды ұрлау") сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Маңғыстау облысының Г. есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды.
Тергеп-тексеру барысында оқиғаның мән-жайы анықталады.
"Мұндай қылмысты жасағаны үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, олар жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді. Іс қала прокуратурасының ерекше бақылауында".Шымкент прокуратурасы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript