Оралдағы балабақшада балалардың үстіне шкаф құлады

Оралдағы балабақшада балалардың үстіне шкаф құлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2024 10:39 Сурет: pixabay
Орал қаласында балабақшада шкаф құлап, 4 бала мен тәрбиеші жарақат алды. Оқиға түске дейін "Sabi" жеке балабақшасында болған.

Бүлдіршіндердің киімі мен керек-жарағы салынған биіктігі екі метрдей шкаф оқыстан құлаған. Тәрбиеші қалқалап үлгергенімен, 4 бала астында қалды.

Бәрі де жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бес жастағы қыз балалардың кеуде тұсы мен білек-қолы жеңіл жарақаттанған, деп жазады qazaqstan.tv.

Дәрігерлер қарап, үйлеріне жіберді. Аяғын жарақаттаған 47 жастағы тәрбиешіге амбулаториялық ем тағайындалды.

Оқиға орнына полиция барып, мән-жайды анықтап жатыр. Балабақшада 125 бала тәрбиеленеді. 30-ға жуық қызметкер жұмыс істейді.

"Қазір балабақшада қызметтік ішкі тексеріс жүріп жатыр. Қазір мен сол жақтан келіп жатырмын. Ата-аналарға балаларды тапсырып, тексеріп. Скорыймен, обследование жасатқызып келдім. Балалардың жағдайы жаман емес, жақсы. Ондай қатты жарақат алған жоқ балалар." Зәуре Қуанышқалиева, балабақша әкімгері
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: