Сирияға соғысуға бара жатқан: Шымкентте ұлттық қауіпсіздік комитеті діни радикалды ұстады

2024 жылғы 1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікті Түркістан облысының тұрғынын ұстады., сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2024 13:54 Сурет: gov.kz
1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Шымкентте лаңкестер жағында соғыс қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған радикалды діни ағымның жақтаушысын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК баспасөз қызметі 2024 жылғы 1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікті Түркістан облысының тұрғынын ұстады.

Бұдан басқа, тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергелуде, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.


ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды. ҰҚК баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: