Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2024 16:31 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысына Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.

Наталья Годунованың айтуынша, есеп беріліп отырған кезең ішінде 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша 208 нысанға 20 аудиторлық тексеріс жүргізілгенін жеткізді.

Сонымен қатар Президентке өткен жылдың 4-тоқсанында аяқталған жекелеген аудиторлық тексеру жұмыстарының қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ресурсының жұмсалу тиімділігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның жаңа өкілеттіктерін іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: