Қызылордада автокөлік заттарын ұрлап келген тұрғын қылмыс үстінде ұсталды
Сурет: polisia.kz
Қызылордада автокөлік заттарын ұрлауды кәсіп етіп, табыс көзіне айналдырып келген тұрғын құрықталды. Ол кезекті ұрлық үстінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бес адамның көлігіне ұрлыққа түскен күдікті Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны болып шықты. 19 жастағы жігіт автокөліктердің ашық қалғанын пайдаланып, ішіне кіріп, автомагнитола мен өзге де автокөлік аксессуарларын ұрлап келген.
Ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, сатып отырған. Жәбірленушілерге тиесілі айғақ заттар тәркіленді.
Бұл күдіктінің қала аумағында тіркелген осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript