Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісінен кейінгі тағы үш дүмпуді тіркеді

жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2024 09:01 Сурет: Zakon.kz
ҚР Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мамандары Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінісінен кейінгі кезекті үш дүмпуді (афтершок) тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Магнитудасы 4,6 және 4,7 болатын жер сілкінісі 3 ақпанда сағат 22:34-те және 4 ақпанда сағат 00:02 және 04:15-те болды.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 281, 273 және 280 шақырым қашықтықта орналасқан. Сейсмологтар бұл жер сілкінісінен кейінгі дүмпу екенін хабарлады.

Қазақстан аумағында жер сілкінісінен кейінгі дүмпудің ешбірі сезілмеген.

Бұл қазақстандық сейсмологтардың жуырда тіркеген алғашқы жер сілкінісі емес. Бұған дейін 3 ақпан күні кешке екі рет афтершок болғаны хабарланған еді.

Қаңтар айының соңында қатты жер сілкінісі болғанын жазғанбыз. Алматы тұрғындарын 23 қаңтарға қараған түні бес баллға жеткен жерасты дүмпуі шошытты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: