Бішкектегі ЖЭО-дағы апат: Қазақстан Қырғызстанға көмек береді
Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сұхбат барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бішкек қаласының ЖЭО-ға қатысты жағдайды реттеуге жәрдемдесуді үйлестіру бойынша екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
"Осыған байланысты Қырғызстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы ЖЭО жұмысын қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті". Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ Қазақстанның Жамбыл МАЭС-пен электр энергиясын жеткізу көлемін ұлғайтуға байланысты мәселені жедел шешкені үшін алғысын білдірді.
2 ақпанға қараған түні Бішкектегі ЖЭО-да жарылыс болды. Бес адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Апаттан кейін Бішкектегі көп тұрғын үйде жылу жоқ. Бішкектегі мектептер мен балабақшалар онлайн оқытуға көшті.
Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров Алматыға сапарын дереу тоқтатып, президент әкімшілігіндегі кеңеске қатысу үшін Бішкекке аттанды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript