ҚР СІМ басшысы ресейлік әріптесімен телефон арқылы сөйлесті
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастардың жай-күйі мен дамыту перспективаларын, оның ішінде өңірлік халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады.
"Тараптар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін тексерді", делінген ресми хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript