Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Телефон арқылы сөйлесу, ҚР СІМ басшысы, Мұрат Нұртілеу, РФ СІМ басшысы, Сергей Лавров , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2025 23:09 Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Ресей тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 22 қаңтарда ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Министрлер мемлекет басшыларының тапсырмаларын уақытылы іске асыруға баса назар аудара отырып, 2024 жылғы екіжақты өзара іс-қимылды қорытындылады, сондай-ақ биік және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды. Тараптар Қазақстан-Ресей қатынастарының даму динамикасын жоғары бағалады және түрлі салалардағы стратегиялық серіктестікті нығайту жоспарларын талқылады", делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар халықаралық күн тәртібі мен көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өткені де нақтыланады.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді Украинадағы әскери қақтығысты дереу тоқтатуға және келісімге келуге шақырғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: