Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте газ құбырындағы ақау жөнделді - "ҚазТрансГаз Аймақ"

Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2024 14:10 Сурет: "ҚазТрансГазАймақ"
Шымкентте газ құбырындағы ақау жөнделді. Тұтынушыларға газ беру жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
 "3 ақпанда “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне Шымкент қаласының Мәртөбе шағын ауданындағы Ақдала көшесінде газдың иісі шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Газ құбырындағы ақау дереу анықталып, оны жедел қалпына келтіру жұмыстары түні бойы жүргізілді. Тұтынушыларды газға қайта қосу жұмыстары 4 ақпан күні таңертең толығымен аяқталды. Болған жағдайға тоқталсақ, кеше диаметрі 325 мм жоғары қысымды жерасты газ құбырында газдың ауаға тарап жатқаны анықталды (газ құбыры 1970 жылдары пайдалануға берілген). Қауіпсіздік мақсатында және Апатты жою үшін жеке сектордың 1 450 тұтынушысы, 7 өнеркәсіптік кәсіпорын және  12 коммуналдық-тұрмыстық объекті газдан шұғыл жүйесінен ажыратылды". "ҚазТрансГазАймақ"

Апатты жағдайды жоюға және газды қайта қосу жұмыстарына “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ ШӨФ, “Шымкент” МГҚ “Интергаз Орталық Азия” АҚ және “ҚазТрансГаз Өнімдері” ЖШС тарапынан 40 адам, сондай-ақ 5 арнайы техника жұмылдырылды.

"Газ құбырындағы бұл жағдай жақында болған жер сілкінісі салдарынан пайда болды. Бұған дейін де осындай жағдай Қайнар ауылының маңындағы орта қысымды жерасты газ құбырында тіркелген болатын. Өз кезегінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, "Интергаз Орталық Азия" АҚ және "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС-мен бірлесіп өткен жер сілкінісінен кейін 23 қаңтардан бастап қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күн сайын газ құбырларын тексеріп келеді. Бұл жұмыстар үшін  "ДЛС-Пергам" мобильді зертханасы қолданылады"."ҚазТрансГазАймақ"

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: