Екібастұз-Майқайың су құбырындағы барлық ақау толығымен жойылды
Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2 наурызда сағат 10:00-де Екібастұз-Майқайың су құбырындағы барлық ақау толығымен жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Telegram-дағы каналында жазды.
Оның мәліметінше, қазіргі уақытта резервуарлар сумен барынша толтырылып жатыр.
"Сондай-ақ, тұрғындарға су беру жұмыстары штаттық режимде жүргізіліп жатыр", - деп жазды өңір әкімі.
Майқайың ауылында құбыр жарылғаны туралы 2024 жылғы 21 ақпанда белгілі болды. Осыған байланысты жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Майқайың ауылының тұрғындары су тасып ішуге мәжбүр болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript