Жаңалықтар тізбегі
0

Щучинск атауы Абылай хан боп өзгере ме? Ақмола облысының әкімі жауап берді

Марат Ахметжанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2024 15:58 Сурет: primeminister.kz
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов БАҚ өкілдерімен кездесуде Щучинск қаласының атын Абылай хан деп өзгерту туралы айтты, деп хабарлайды

Instagram-дағы sinegor.kz парақшасының жазуынша, әкім бұл жайтты зерттеп, бұл бүкіл халықтың ба, әлде бір адамның пікірі ме, соны біліп алу керегін айтты.

Әкімнің өзі әзірше қала атауын өзгерту керек деп есептемейді.

"Бұл мәселе жан-жақты талқыланып, қоғамдық тыңдаулардан өтуі керек, одан кейін бір адамның емес, көпшіліктің пікірі болуы керек. Бұл бастама мәслихатқа жолданды. Содан кейін шешім қабылданады. Негізі күн тәртібінде елді мекендер атауын өзгертуге қатысты мәселе көтерілген жоқ", - деді Марат Ахметжанов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: