Ақмола облысының әкімі LRT жобасы Қосшыны қалай өзгертетінін айтты
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 13 қарашада Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов СЦК-де өткен брифингте Астанадағы LRT құрылысы Қосшының дамуына жаңа серпін беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер LRT-ны Қосшыға дейін созу тұрғын үй бағаларына әсер ете ме және жобадан жалпы не күтуге болатыны, қандай перспективалар ашатыны, жылжымайтын мүліктің бағасын ұстап тұру мүмкіндігі туралы сұрады.
"Қосшы толыққанды серіктес қалаға айналып келеді. Көп миграциялық ағыс бар. LRT-ны қалаға дейін ұзартқаны үшін Жеңіс Қасымбекке алғыс айтамын. Станция қаланың аумағында орналасады. Бұл біздің қаламыз үшін де әрі қарай дамудың бір стимулы болып табылады. Төрт жыл бұрын бұл ауыл еді, қазір қалаға айналуда. Ойын-сауық, мәдени орталықтар, жаңа ауруханалар мен басқа мәдени-сауық нысандары салынуда", – деді облыс әкімі.
Ол тұрғын үй бағасы өсіп келе жатқанын атап өтті.
"Жалпы, менің ойымша, LRT құрылысы Қосшының дамуына жаңа серпін береді және Астанадағы көлік кептелісін азайтады. Бұл бәрі Астананың агломерациясы туралы заңымызды жүзеге асыру аясында. Қажетті нысандар салынып жатыр, Астана тұрғындарын қажетті өнімдермен, құрылыс материалдарымен қамтамасыз етеміз. Яғни бізде қалалық әкімдікпен өте жақсы, тығыз әрі жемісті ынтымақтастық орнаған", – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, ол тұрғын үй бағасын әкімдік емес, нарық реттейтінін атап өтті.
"Жаңа тұрғындардың келуі, басқа облыстардан немесе өңірлерден Қосшыға көшетін адамдар… ағыны бар. Ағыны бізде де бар. Биыл газ берілді", – деді ол.
Естеріңізге салсақ, Астананың әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-ны Қосшыға дейін кеңейтуді жоспарлап отырғанын растаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript