Жаңалықтар тізбегі
0

Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметінен кетті

Кеңес Рақышев енді Қазақстан бокс федерациясының президенті емес, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2024 12:17 Сурет: kfb.kz
2024 жылдың 5 ақпанында Астанада Қазақстан бокс федерациясының жыл сайынғы дәстүрлі жиналысы өтті. Жиын барысында федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Федерация сайтында бұл қызметке Мүтәліптің Кеңес Рақышевты алмастырғаны жазылған.

Жаңа қызметінде алғаш рет сөз алған Шахмұрат Мүтәліп ҚБФ алдында тұрған міндеттерді бірлесіп орындаудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ сенім артқан қауымдастық мүшелеріне алғысын білдіріп, ортақ мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін салатынын жеткізді.


"Маған жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, мен Қазақстан боксының одан әрі дамуына, спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетуге, олардың мүдделерін қорғауға, ҚБФ-ның ел ішінде және халықаралық деңгейде рөлін арттыруға бар күшімді саламын. Команданың биылғы үлкен ойындардың алдында үлкен мақсаты бар. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті дайындықтарды жалғастырамыз. Бірлесе отырып, отандық бокстың әлемдік аренадағы беделін нығайта түсеміз". Шахмұрат Мүтәліп

Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысы, Казцик ауылында дүниеге келген. Азия-Тынық мұхиты университетінің (APU) экономика саласындағы ғылым магистрі, Куала-Лумпур, Малайзия. Кәсіпкер, "Integra Construction KZ" ЖШС иесі. Үйленген, 3 баласы бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: