Президент Бектенов туралы: Ол тәжірибелі мемлекеттік қызметкер
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 6 ақпанда Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын неліктен ұсынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қазақстанның алдында ауқымды мақсаттар мен міндеттер тұрғанын, даму мен ілгерілеуге жету үшін жаңаша көзқарас қажет екенін атап өтті.
"Сондықтан үкімет құрамы өзгереді, жаңа тағайындаулар, жаңа тұлғалар болады.Ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес, Премьер-министр лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновті ұсынамын. Кандидатурасын "Аманат" партиясы ұсынған, ол тәжірибелі мемлекеттік қызметкер, жоғары білімді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, еңбекқор. Сондықтан да жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға әлеуеті жеткілікті деп ойлаймын". Қасым-Жомарт Тоқаев
Олжас Бектеновтың кандидатурасын премьер-министр лауазымына парламенттегі көпшілік болып табылатын "Amanat" партиясы бұған дейін ұсынған болатын.
Сонымен қатар, Тоқаев Әлихан Смайылов басқарған үкіметтің отставкасын неліктен қабылдағанын түсіндірді. Президенттің айтуынша, үкімет жаңа, маңызды рөл атқарып, тез шешім қабылдап, тиімді қадамдар жасауы керек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript