Жаңалықтар тізбегі
0

Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды

Светлана Жақыпова Сурет: primeminister.kz
Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.

1968 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 

Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Қарой орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. 

1991-1995 жылдары Целиноград қаласындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен. 

1997-2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» РМҚК Ақмола облыстық филиалында аға маман, бас маман, бөлім бастығы, директордың орынбасары, директор қызметтерінде жұмыс істеген. 

2008-2011 жылдар аралығында ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры болған.

2011-2013 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жобалық кеңсесі бағдарламасын басқарған. 

2013-2019 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болған.

2020 жылы ЕХӘҚМ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бас директорының орынбасары болып тағайындалды. 

2020-2023 жылдар аралығында БҰҰ Даму бағдарламасының әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі ұлттық сарапшысы болды.

2023 жылғы маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: