Тоқаев Ұлыбритания королінің тезірек сауығып кетуін тіледі

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 22:02 Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльзге жеделхат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, жеделхат жолдады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Букингем сарайының баспасөз қызметі дәрігерлер Ұлыбританияның қазіргі королі Чарльз III-ке қатерлі ісік диагнозын қойғаны туралы мәлімдеме жасаған еді. Монарх ауруына байланысты қоғамдық міндеттерін кейінге қалдырған. Букингем сарайының өкілдері бұл уақытша екенін баса айтты. Дегенмен, король ресми құжаттарды қарап, мемлекеттік істерді жүргізуді жалғастыра береді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: