Жаңалықтар тізбегі
0

Белгілі кәсіпкер және спорт функционері Игорь Мажинов қайтыс болды

Белгілі кәсіпкер және спорт функционері Игорь Мажинов қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2024 16:29 Сурет: Facebook/AFC Kairat Futsal
52 жасында танымал кәсіпкер, "Қайрат" АФК қамқоршылық кеңесінің төрағасы Игорь Мажинов өмірден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Футбол клубының мәліметінше, Игорь Мажинов 52 жасқа толуына бірнеше күн қалғанда жүрегіне ота жасау кезінде қайтыс болды.

Игорь Мажинов 1972 жылы 24 ақпанда дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясында кандидаттық диссертация қорғады (Мәскеу қ.).

"Vertex" ААҚ, "Альянс Банк" АҚ, "Достық қонақ үйі" АҚ, "ХОЗУ корпорациясы" ЖШС басшылық қызметтерді атқарған. "Bank RBK" АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Ол сонымен қатар "Мегаспорт" футбол клубын ("Астана" ФК) ұйымдастырушылардың бірі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: