Біртүрлі дыбыс алматылықтарды шошытты: әкімдік себебін атады
Сурет: Zakon.kz
Ақпанның 9-ы күні таңға жуық алматылықтарды біртүрлі гуіл шошытты. Қалалық әкімдік оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Алматылықтар 9 ақпан күні сағат 5:00 шамасында біртүрлі гуіл естіген.
Әкімдіктің мәліметінше, тұрғындарды шошытқан дыбыс жылу электр орталығындағы жұмысқа байланысты шыққан.
"Алматы электр станциялары" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы 9 ақпанда сағат 4:40-та технологиялық қорғаныс жұмыс істеп, нәтижесінде жақын маңдағы үйлердің кейбір тұрғындары шу естіген.Бұл қазандықты автоматты қорғау кезіндегі қалыпты жағдай. жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады әкімдік.
Алматы электр станциялары оқиғаның қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуге әсер етпегенін қосты.
Бір күн бұрын, 8 ақпанда бүкіл Қазақстан бойынша сиреналар естілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript