Жаңалықтар тізбегі
0

11 ақпан – Ғылымдағы әйелдердің халықаралық күні

ғылым, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2024 13:03 Сурет: pixabay
11 ақпан – Ғылымдағы әйелдердің халықаралық күні. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл күн әйелдердің ғылым мен техника саласындағы мүмкіндіктерін дамытуға қолдау көрсетудің маңызын еске салатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің сөзінше, ғылымға қызығатын қыздар үшін үлгі алатын тұлғалардың болуы маңызды. Жақында биолог, белгілі ғалым Күнсұлу Закарья вакцинация саласының дамуына үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне енді. Оның жетекшілігімен бір топ ғалым 2020 жылы отандық QazVac вакцинасын әзірледі.

"Одан бөлек еліміздегі Ғылым академиясы тарихындағы тұңғыш әйел президент, биология ғылымдарының докторы - Нағима Айтхожина, Орталық Азиядағы геология ғылымдарының докторы болған тұңғыш әйел Патшайым Тәжібаева сияқты тұлғалармен біз ерекше мақтанамыз". Аида Балаева

Ведомство басшысы бүгінде қазақстандық ғылым жаңа кезеңге аяқ басып отыр деп есептейді.

"Осы саладағы атқарылып жатқан жұмыстар айтарлықтай нәтиже көрсететін ғалымдардың жаңа қауымдастығының қалыптасуына ықпал етті. Дегенмен бүл күндері ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қатысатын әйелдердің үлесі шамамен 54% болады, бұл - 10 мыңнан астам адам. Алайда олардың есімдері мен жетістіктерінен көпшілігі бейхабар. Сондықтан осы жазбам арқылы баршаңызды ғылымдағы әйелдерді қолдауға және олардың есімдері мен жетістіктерін көбірек насихаттауға шақырамын".Аида Балаева
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: