Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні облыстық жолды басып қалды
Сурет: Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында, облыстық маңызы бар "Өскемен-Тарғын ауылы-Самар" автожолының 132-шақырымында жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты өздігінен түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазселденқорғау" мәліметінше, 11 ақпанда сағат 11:30 шамасында жалпы көлемі 1300 текше метр қар көшкіні өздігінен түскен.
Зардап шеккендер жоқ, ештеңе қирамаған.
"Облшығысжол" ЖШС-нан 2 адам және 2 техникамен жолды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған орында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр. Посттар қойылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript