Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда компьютерлік клубтан құны 15 млн теңге болатын құрылғыларды ұрлаған күдікті ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2024 12:29 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 33 жастағы компьютерлік клубтың иесі арызданып, белгісіз біреу орталықтан монитор, процессор, жады және видеокарталарын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңгені құрады. Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеру барысында құлыптың бұзылмағанына назар аударған. Сондықтанда полицейлер қаскөйдің кілт таңдаған немесе сол орталықтың кілті оның қолында болған деген болжамға келді.

Сонымен қатар ұрлық жасаған күдіктінің қандай заттардың құнды екенін білген деген болжам жасалды. Алдын ала тергеу әрекеттері барысында сол орталықтан ұрлық болардан бірер күн бұрын 23 жастағы программист болып жұмыс жасаған азаматтың жұмыстан кеткені және онда барлық бөлмелердің кілті болғаны белгілі болды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстар барысында күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.

Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: