Самара – Шымкент автожолында дәл қазір 1,2 мыңға жуық автокөлік өте алмай тұр

ҚазАвтоЖол, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2024 17:46 Сурет: видео скрині
"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі Ақтөбе облысындағы М-32 Самара – Шымкент автожолындағы қазіргі ахуал туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі аралықта жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

"ҚазАвтоЖол" қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Жолшылар жолды қардан тазартып, көктайғаққа қарсы реагенттерді сеуіп, қажет болған жағдайда қосымша жол техникасы жұмылдырылып жатыр.

Жолдың ашылуын 1,2 мыңға жуық автокөлік күтіп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: