Рудныйда полиция құтқарушылармен бірге жол жиегіне батып қалған автобусты шығарды

автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2024 18:41 Сурет: видео скрині
Жолаушы тасымалдаушы көлікте 56 адам, оның ішінде үш әйел мен төрт бала болды. Автобус Шымкент - Мәскеу бағыты бойынша жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 ақпанда Рудный - Қашар автожолында жүргізуші көліктің рөліне ие бола алмай, жиекке шығып кеткен. Оқиға орнына жеткен арнайы қызметтер ауыр техника қолдана отырып, автобусты шығарды. Ешкім зардап шекпеген.


Көші-қон полициясы қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде жолаушылардың Тәжікстан азаматтары екенін анықтады.

"Көші-қон заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ. Олардың бәрі Рудныйдағы жылыту пунктіне орналастырылып, тамақтандырылды. Осыдан кейін автобус өз жолын жалғастырды", - деп хабарлады полиция.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: