Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің салдарынан жол жабылды

13 ақпанда сағат 20:00-ден бастап өздігінен қар көшкіні жүру қаупіне байланысты республикалық маңызы бар автожолда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі нақтылағандай, Өскемен – Алтай – Рахмановские ключи жолының 6-166 шақырымы (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) учаскесі жабылды.
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript