Астана, Павлодар және Екібастұзда тонап-қанаумен айналысып келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Сурет: видео скрині
Тұрғын үйге қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды. Бес күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар қылмыстық-діни тұлғалар және басқа өңірдің тұрғындары екені белгілі болды.
"Бір мезгілде Екібастұз қаласында және Павлодардың өзінде павлодарлық әріптестермен бірге төрт адамды ұстадық. Бесінші сыбайласы елордада ұсталды. Тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы жасалған қарақшылық шабуыл фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр". Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Негмет Исмағұлов
Қаңтар айының басында Қарасу ауылында медициналық маска таққан бейтаныс тұлғалар жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, оған дене жарақаттарын салды. Одан жалпы сомасы 650 мың теңге тұратын алтын бұйымдарын тартып алған.
Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript