Жаңалықтар тізбегі
0

Ішкі істер министрлігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2024 20:27 Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға жол ережесін сақтаудың маңызды екенін еске салды.
"Азаматтардың жолдағы қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Апат салдары тек материалдық емес, адам шығынына да алып келеді. Бұл мәселеге жауапкершілікпен саналы түрде қарасақ, қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады. Жүргізушілер қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Көп нәрсе олардың қырағылығына, тәртібіне және жол ережелерін сақтауына байланысты", – деді ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Ведомствода жүргізушілерден мына жағдайларға ерекше назар аударуды сұрады:

  • Жылдамдық режимін сақтап, жолдағы жағдайды ескеріңіз;
  • Жол қозғалысының басқа қатысушыларына, жаяу жүргіншілерге, әсіресе балалар мен қарттарға мұқият болыңыз;
  • Жолдағы әрекеттеріңіз туралы ескерту үшін бұрылыс сигналдарын пайдаланыңыз;
  • Қауіпті жағдайларды болдырмау үшін ара-қашықтықты сақтаңыз;
  • Көлікті басқару кезінде телефон немесе басқа да дүниелерге назар аудармаңыз;
  • Автокөлік ішінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыз, оларды ұстау құрылғыларын пайдаланыңыз;


"Бірлесіп қана біз жолдарды қауіпсіз ете аламыз. Сіздің жауаптылығыңыз өзге біреудің өмірін құтқаруға септігін тигізуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз!" – деді Ақтоты Боранова.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: