Жаңалықтар тізбегі
0

Ішкі істер министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Жаңа жыл, ҚР ІІМ, шырша, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2023 09:45 Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 15 желтоқсанда ҚР Ішкі істер министрлігі халықтан заңсыз кесілген шырша фактісі туралы хабарлауды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан хабарламада қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу – полицияның жаңа жыл қарсаңындағы міндеттерінің бірі екені айтылған.

Мәселен, 15 желтоқсаннан бастап ІІМ экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге бағытталған "Шырша" акциясын бастады.

Акция барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптары бойынша рейдтер жүргізеді. Оған орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының өкілдері де қатысады.

Министрлік осы салада табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылғанын ескертті.

"Егер құқыққа қайшы әрекеттермен елеулі залал келтірілсе, онда бұл жағдайда 160 АЕК-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ егер сіз шыршаларды немесе басқа қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сатудың немесе тасымалдаудың куәсі болсаңыз, тәртіп сақшылары бұл туралы "102" нөміріне хабарлауды сұрайды", – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: