Жаңалықтар тізбегі
0

Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан әскери қызметкерінің қазасы жөнінде тың мәлімдеме жасады

Ұлттық ұлан іскери бөлімі, әскери қызметкер өлімі. ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 17:30 Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 10 қазанда Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан әскери қызметкерінің өліміне қатысты жаңа мәліметтер жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 9 қазанда түнгі сағат 01:00-де Ұлттық ұлан 6636 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы Сұлтанов кезекші бөлімшенің құрамында бола тұра, бекітілген штаттық қарумен өзінің басынан оқ атып, қайтыс болды

"Осы факт бойынша Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оны тергеу тәжірибелі қызметкерлерден құрылған жедел-тергеу тобына тапсырылды".ҚР ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы Серікбай Құсайынов

Оның сөзінше, қазіргі уақытта оқиға орны қаралып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Айғақтар, атап айтқанда қаза тапқан әскери қызметшінің ұялы телефоны мен бейнебақылау камераларының жазбалары алынды.

"Тергеу барысында қатардағы Сұлтановтың оқиға орнында жалғыз болғаны анықталды".Серікбай Құсайынов

ІІМ өкілі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және тергеудің жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін Сұлтановтың әскери әріптестерінен, оның командирлерінен, басқа адамдардан жауап алу, сондай-ақ тиісті кешенді сараптамалық зерттеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Жәбірленуші жақтың уәждері де толық тексеріледі. Алдын-ала тергеу нәтижелері бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы ерекше бақылауда". Серікбай Құсайынов

Бұдан өзге ақпарат тергеу мүддесінде Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: