"ҚазАвтоЖол" қазақстандықтардан ұзақ жолға шықпауды сұрады
Сурет: Zakon.kz
Республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы 15-і мен 17 ақпанда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанғанын ескертті.
"Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! 15-і мен 17 ақпанда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады. Күн күрт суытып, қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Батыс, солтүстік, орталық және шығыс Қазақстанда түнгі уақыттарда ауа температурасы 12 градустан 38 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Оператор қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, төтенше жағдай кезінде ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауды сұрады.
Еске сала кетсек, барлық шұғыл ақпарат "Sapar" мобильді қосымшасында қолжетімді, сондай-ақ 1403 қысқа номері бойынша тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript