Қызылорда тұрғыны деструктивті сипаттағы материалдарды жариялағаны үшін жазаланды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2024 19:45 Сурет: polisia.kz
Қызылорда тұрғыны деструктивті сипаттағы материалдарды жариялағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның хабарлауынша, Қызылорда облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дәстүрлі емес діни ағымдағы материалдарды әлеуметтік желіде қауымдастық ашып, жариялаған деструктив діни ағымды ұстанатын 62 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталды.

Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қызылорда мамандандырылған сотының 2024 жылғы 18 қаңтардағы үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: