Жаңалықтар тізбегі
0

Сутягинский ісі: Қазақстанда адам өлтіруді ұйымдастырған ресейлік кәсіпкерге іздеу жарияланды

Сутягинский ісі: Қазақстанда адам өлтіруді ұйымдастырған ресейлік кәсіпкер іздеуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2024 13:53 Сурет: Facebook/Ақпараттық орталық ГК "Титан"
Алматы полиция департаменті (ПД) Zakon.kz тілшісіне ресейлік кәсіпкер Михаил Сутягинскийге қатысты істің мән-жайын айтты.

Алматы қаласы полиция Департаментімен 2002 жылы наурыз айында болған кісі өлтіру дерегі бойынша М.А.Сутягинскийге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігіне (пайдакүнемдікпен жасалған кісі өлтіру) сәйкес қылмыстық іс тергелуде.

"Күдікті осы жылдың 30 қаңтары кісі өлтіруді ұйымдастыруға қатысы бар деп танылды. Аталған адамға қатысты соттың қаулысымен "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай санкцияланып, іздеу ісі қозғалды." Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

2024 жылдың 13 ақпанында екі ірі ресейлік кәсіпкер ағайынды Александр мен Михаил Сутягинскийлерге Қазақстанның күш құрылымдары іздеу жариялағаны белгілі болды.

Сутягинский ісі: Қазақстанда адам өлтіруді ұйымдастырған ресейлік кәсіпкер іздеуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2024 13:53

Сурет: qamqor.gov.kz

14 ақпанда ресейлік компания Михаил Сутягинскийді Қазақстанда іздеуге жауап берді. 1989 жылы Михаил Сутягинский негізін қалаған "Титан" компаниялар тобы ресейлік кәсіпкер "оны Қазақстан аумағында іздеу туралы ресми өтініш алмағанын" хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: