Гараждан құрылыс заттарын ұрлап кеткен елордалық қолға түсті

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2024 14:16 Сурет: ҚР ІІМ
Сарыарқа ауданы полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, белгісіз біреу Оқжетпес көшесінде орналасқан үйдің жанындағы гараждан үй иегесінің жеке мүліктерін қолды қылған.

Жәбірленушінің айтуынша, дәнекерлеу аппараты, болгарка, перфоратор сияқты құрылыс заттарымен қоса, титанды дискісімен машинаның 4 дөңгелегін қолды қылған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 32-жастағы бұрын сотталған елорда тұрғынын анықтады.

Қазірде аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: