Жаңалықтар тізбегі
0

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойылды

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2024 09:02 Сурет: gov.kz
ІІМ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топпен жолға қойылған синтетикалық есірткі өндіру және тарату арнасына тосқауыл қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік үш азаматқа қатысты трансұлттық ұйымдасқан топ құрғаны, оған басшылық жасағаны және қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық топтың мүшелері Ақмола облысы Ерейментау қаласының шетінде орналасқан, ұйымдастырушы сатып алған жеке үйде құрықталды. Онда күдіктілер психотроптық заттарды дайындап, сақтаған.


"Топ мүшелерінің арасында рөлдер мен міндеттер нақты өзара айқындалған. Есірткі зертханасында салқындату, желдету жүйелері, сондай-ақ синтетика өндіру үшін арнайы жабдықтар болған. Есірткі жасырын түрде, қатаң құпиялықты сақтаумен дайындалған. Күдіктілер көршілерде күдік тудырмас үшін үйден тек қажет болғанда ғана шығып, үйдің периметрі бойынша ұйымдастырушының Wi-Fi желісіне шығатын бейнебақылау камераларын орнатқан. Сонымен қатар есірткі әзірлеуге арналған шикізаттар мен дайын өнімді сақтайтын гараж және автокөлік сатып алынған. Бұл мүліктердің барлығы көлеңкелі схемамен төленіп, шетелдік сатып алушының атына тіркелмеген", – деді ІІМ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы Шыңғыс Алекешев.

Жалпы тінту кезінде 12 кг астам мефедрон және 17 кг астам прекурсор тәркіленді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: