Абай облысында мектеп оқушылары қашықтықтан оқуға көшті
Сурет: pixabay
Абай облысында 2024 жылғы 22 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты І ауысымдағы оқушылар қашықтықтан оқуға көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Абай облысында 2024 жылғы 22 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты І ауысымдағы Үржар ауданындағы 51 мектептің 1-4 сынып оқушылары, Жарма, Абай, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті аудандарындағы, Курчатов, Семей қалаларындағы барлық мектептің 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды", - деп жазылған ресми ақпаратта.
Үржар ауданындағы 51 мектептің 5-11 сынып оқушылары штаттық режимде оқиды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript