22 ақпандағы саудада доллардың арзандауы жалғасуда

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2024 16:11 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,30 теңгеге төмендеп, 450,47 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,58 теңгені (-0,22) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 486,77 теңге, рубльді 4,88 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 450,5-452,1 теңгеге, еуро 489-492 теңгеге, ресей рублі 4,81-4,89 теңгеге сатылуда.

Ал, 22 ақпандағы аукционда әлемдік баға көтеріліп жатыр.

Осылайша, Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,2%-ға өсіп, барреліне 83,20 долларды құрады.

Сәуірдегі WTI фьючерстері 0,2%-ға өсіп, барреліне 78,10 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: