Тәтті сусындарға салық енгізілуі мүмкін
Сурет: pixabay
Соңғы жылдары балалар арасында қант диабеті мен семіздік көбейген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылай деген Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Айжан Есмағамбетова тәтті сусындарға қосымша салық салу қажет дейді.
Сонымен қатар ата-аналарға олардың зияны туралы көбірек ақпарат беруді жолға қоймақ, деп жазады qazaqstan.tv.
Өйткені қазір балалар тәтті сусындарға тым әуес болып алған.
"Зерттеуде көрсеткендей, елімізде семіздік, қант диабетінің өсімі бар. Балалар арасында жиі байқалады. Артық салмақтың өзі қауіпті созылмалы аурулардың алғашқы белгілері десек те болады. 0,5 литр тәтті сусынның құрамында қанттың 10 тәуліктік дозасы бар." Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript